Алматы облысы Білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ашық мекеме / Білім беру тапсырысына конкурс

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк білім бeрy тaпсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк білім бeрy тaпсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру!
"Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Алматы облысы,Кербұлақ ауданы,Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі ,12 ) 150  орынға арналған жеке мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісті түрде ресімделген сенімхат болған жағдайда) конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе "Алматы облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі ,12-үй ), №  кабинетке мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, 2021 жылғы 3 қарашадан бастап 23 қарашаға дейін қоса алғанда әрбір жұмыс күні сағат 9-00-ден 18-00-ге дейінгі мерзімде ұсынады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 609 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманы ұсынуы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында көзделген. 
Байқауға қатысуға білім беру саласындағы уәкілетті органға өз қызметінің басталғаны туралы хабарлаған және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
     Байқауға қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
     2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
     3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
     4) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
     5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
     7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
     Байқаулық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
      Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(72840) 40-0-73 телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы
Алматы облысының әкімі
Беспаева Салтанат Дауыспекқызы
Алматы облысының білім басқарма басшысы
Толеубекова Арайлым Ақсубайқызы
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
8 (7284) 03-23-27
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Ауэзова көшесі, 100
© 2024 Алматы облысы Білім басқармасының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі