Хабарландыру
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үл гілік қағидалары» 2 тарау 5, 6 тармағы негізінде Розыбакиев атындағы орта мектеп КММ 2020 – 2021 оқу жылына жаңа үш жылдық мерзімге қамқоршылық кеңес сайланатынын хабарлайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 51 бабы 1 тармағының 2 және 3 тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.